Сайт nashuch.ru и его партнеры используют на этом сайте определенные технологии, в том числе файлы cookie, чтобы подбирать материалы и рекламу на основе интересов и анализа активности пользователей. Чтобы узнать подробности, ознакомьтесь с нашей политикой конфиденциальности. Оставаясь на сайте, вы даете согласие на использование этих технологий. nashuch.ru также участвует в рекламной деятельности третьих сторон, которая учитывает интересы пользователей. Это позволяет поддерживать наши сервисы и предлагать вам подходящие материалы. Нажимая кнопку «Принять», вы выражаете согласие с описанной рекламной деятельностью.

принять

Трансмиссияның негізгі түрлері. Автомобильдер трансмиссиялары



Скачать 36.03 Kb.
Дата08.11.2018
Размер36.03 Kb.
Название файла1 Трансмиссияның негізгі түрлері.docx

ТРАНСМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.

Автомобильдер трансмиссиялары – қозғалтқыштан берілген бұрылу моменттін, жетекші доңғалақтарға жеткізетін бірнеше агрегаттар мен механизмдердің біріккен жиынтығын айтады. Бұрылу моментінің берілуі, ұзындығы мен бағытына қарай бір мезгілде жетекші доңғалақтарға бөлінуі арқылы өзгереді.

Қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтардың арасының жалғануына және бұрылу моменттінің берілуіне байланысты трансмиссиялар: механикалық, құрамалы (гидромеханикалық), электрлі және гидрокөлемдіболып бөлінеді.

Қазіргі кезде көп тараған түрі – механикалық трансмиссия, агрегаттар мен қозғалтқыштың және жетекші доңғалақтардың орналасуына байланысты әртүрлі болады.

http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image236.gif

АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС.



http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image262.gif  Айқартопсалы берілісті беріліс қорабының немесе үлестіргіш қорабының жетектегі білігінен берілген бұралу моментін басты берілістің жетекші білігіне жеткізу үшін қолданылады.

Өйткені бір-біріне жалғастырылған трансмиссия біліктері бір осьтің бойында бекітілмеген.

Беріліс қорабы мен үлестіргіш қорабы автомобильде жетекші белдіктен жоғары орналасқандықтан, айқартопсалы берілістің бұрылу моментін жеткізу бұрышы жазықтықта біршама өзгеріп тұрады.

БҰРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫ ТЕҢ ЕМЕС ТОПСАЛЫ АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС. http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image264.gif

Қарапайым айқартопсалы екі білікті 3, 5, жалғайтын екі ашадан 8, 10, шабақтан 9 (крестовинадан) тұрады.

 Артқы аша А – А осі бойынша айналуымен бірге Б – Б крестовина осі бойынша айналады, бір біліктен екінші білікке айналу моментін жеткізуі мен бірге бұрышы да өзгереді.

Мұндай шарнирлі айқартопсалы беріліс бұрыштық жылдамдығы тең емес қатты шарнир деп аталады. Бірінші аша екіншіге қарағанда тең айналмайды, сондықтан олардың бұрылу моменті кезінде шарнирлі байланыстың бөлшектері мен трансмиссияға қосымша күш әсерінен ерте тозады.

Тең айналмауын қалыпты болуы үшін, екі біркелкі айқартопсалы топсалар қолданады, бірақ олардың ашалары білікке қарама – қарсы орнатылып, бір жазықтықта болуы керек.

Автомобильдің жүрісінде оның рессоры иілуінің әсерінен беріліс қорабы мен жетекші белдіктің арасы шлица арқылы ұзарып тұрады. Жеңіл автомобильдерде бұрыштық жылдамдықтары тең емес қатты шарнирлі айқартопсалы беріліс пен бірге жұмсақ айқартопсалы берілістерде қолданылады.

АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС. http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image268.gif

Карданды берілістер жұмыс істеу міндетіне байланысты олардың біліктерінің бұрылу бұрышы өзгеріп тұрады, бұрыштарының бұрылуы үлкен болса, соншалықты жұмыс істеуі күрдерлі болады.

Өте күрделі жағдайда алдыңғы басқарушы жетекті белдікті автомобильдер жұмыс істейді. Олардың айқартопсалы берілістері бұрылу бұрыштары өзгеруі ұзындығы мен айналуына байланысты болады. Мұндай берілістерде бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы айқартопсалы берілістер қолданылады, олар бұрылу моментін жеткізіп, жетектегі біліктің бірқалыпты айналуын және басқарушы дөңгелектің бұрылуын қамтамасыз етеді.

Мұндай айқартопсалы берілістер шарикті және жұдырықшалы болып келеді.

Кеңінен тараған түрі - бөлгіш ойықты шарикті шарнирлі берілістер.

http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image266.gif

 Бұл беріліске: 1. 4. Ашалар, 2. 3.Бөлгіш ойықтар, 5. Шлицалы білік,

6. Сүйір қада(шпилька).7. Штифт.8. Шарик. 9.Шариктің өкшесі жатады.

http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image270.gif

Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді , жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

Дифференциал

Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарғааралық доңғалақ дифференциал арқылы жеткізіледі.



Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.



http://ok-t.ru/studopediaru/baza17/2412540589534.files/image272.gif 

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©nashuch.ru 2017
обратиться к администрации | Политика конфиденциальности

    Главная страница
Контрольная работа
Курсовая работа
Лабораторная работа
Пояснительная записка
Методические указания
Рабочая программа
Методические рекомендации
Теоретические основы
Практическая работа
Учебное пособие
Общие сведения
Общая характеристика
Теоретические аспекты
Физическая культура
Федеральное государственное
Дипломная работа
Самостоятельная работа
Общая часть
История развития
Методическое пособие
квалификационная работа
государственное бюджетное
Техническое задание
Направление подготовки
Выпускная квалификационная
Технологическая карта
Методическая разработка
Теоретическая часть
Техническое обслуживание
Технология производства
прохождении производственной
Общие положения
Понятие предмет
Краткая характеристика
Математическое моделирование
Исследовательская работа
Описание технологического
Общие требования
Металлические конструкции
физическая культура
Практическое занятие
учреждение высшего
Решение задач
История возникновения
Правовое регулирование
Электрические машины
Гражданское право
Сравнительная характеристика
Организация работы
Метрология стандартизация
История создания